Accessibility links

Билік А.Лукашенконың басым дауыспен жеңгенін мәлімдесе, оппозиция оны мойындамай наразылық шеруіне шақырады


Бүгін Беларуссияның үшінші 5 жылдық мерзімге қайта сайланған президенті А.Лукашенко өз қарсыластарының төңкеріс ұйымдастырмақ болған әрекеті “сәтсіз аяқталды” деп мәлімдеді. Беларуссияның Орталық сайлау комиссиясы “Беларуссиядағы президент сайлауында А.Лукашенко үшінші мерзімге президент болып сайланып, оны 83 пайыз дауыстың қолдағанын” хабарлады. Бүгін А.Лукашенко:

“Шетелдердің ашықтан-ашық түркілуіне, сырттан көрсетілген зор қысымға қарамастан біздің рухымыз сынған жоқ; керісінше – беларусь халқы - өзіне жөн сілтегенді көтермейтін ұлт екенін, оған қысым көрсетуден нәтиже шықпайтынын дәлелдеді”, - деп мәлімдеді.

Алайда біріккен беларусь оппозициясы сайлаудың қорытындысы өрескел бұрмаланғанын мәлімдеп, халықты бүгін кешкісін Минскіде наразылық шеруіне шығуға шақырды. Кеше Минскідегі наразылық митингісіне 10 мыңға жуық адам шықты.
XS
SM
MD
LG