Accessibility links

Беларусьтағы оппозиция қауымы Минскідегі орталық алаңда түнеп шықты


Кеше түнде Беларустағы оппозицияны қолдаушылардан бірнеше жүз адам Минскідегі орталық алаңда қалып, өткен сайлаудағы нәтижелерге байланысты өз наразылықтарын білдірді. Олар орналасқан шатырларды қауіпсіздік күштері қоршап тұрды. Екі арада бірер айтыс-тартыс болғанымен, ресми әкімшілік шатырларға тиіспеген. Ал дүйсенбі күні кешке Минскідегі сол алаңда рұхсат етілмеген митинг өтіп, олар наурыздың 19-ында өткен сайлау нәтижесін бекер деп жариялауды талап етті. Орталық сайлау комиссиясының есебі бойынша, А.Лукашенко 83 пайыздай дауыс алған.
XS
SM
MD
LG