Accessibility links

“Нағыз Ақ жол” партиясы – бір лидері қастандықтан қаза болып, екіншісі аурухана түскен де ғана тіркелді


Қазақстанның Демократиялық “Нағыз Ақ жол” партиясы ресми түрде тіркелді. Әділет министрлігінің тіркеу қызметі “Қазақстанның демократиялық “Нағыз Ақ жол” партиясы осы жылдың 17-нші наурызында мемлекеттік тіркеуден өткенін Жоғарғы Соттың азаматтық істер бойынша аппеляциялық алқасының отырысында хабарлады. “Нағыз Ақ жол” партиясының тең төрағаларының бірі, белгілі саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы, өзінің 2 серігімен бірге, 11-інші ақпан күні қастандықтан қаза болды. Оның қазасына байланысты “рұқсат етілмеген митингі ұйымдастырды” деген айып бойынша абақтыда 15 тәулік жазасын аштық жариялаумен өтеп жатқан партияның тағы бір лидері Болат Әбілов – жексенбі күні ауруханаға тап болды.
XS
SM
MD
LG