Accessibility links

Бежинде Ресей мен Қытай өкілдері негізінен экономикалық 15 келісімге қол қойды


Ресей президенті В.Путин Қытайға 2 күндік сапарының барысында бүгін Қытай премьері Ху Цзинтьяомен кездесті. Оның барысында екі лидер Ресейден Қытайға қарай мұнай және газ құбырларын тарту жобаларын, саяси және әскери саладағы екі жақты ынтымақтастықты кеңейту және т.б. маңызды экономикалық мәселелерді талдауға тиіс болатын. Журналистерге В.Путиннің өзі хабарлағандай, жобаланған газ құбыры 5 жылдың ішінде іске қосылып, жыл сайын Қытайға 80 млрд. т.м. газ жеткізіп тұра алады. Бүгін екі жақ негізінен экономикалық 15 келісімге қол қойды. Бүгін В.Путин мен Қытай вице-премьері Қытайдағы “Ресей жылының” ашылу рәсіміне қатысады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG