Accessibility links

Ирақта экстремистер полиция мен сот абақтысынан 32 сыбайласын босатып алды


Бүгін таңертең экстремистер Ирақтың Әл-Муқдадия қаласынның полициясы мен сот кеңселеріне шабуыл жасап, кемінде 18 полиция қызметкері мен күзетші оққа ұшты. Жергілікті биліктің хабарлауыша, шабуыл кезінде 10 экстремистің көзі жойылып, жарақат алғандары да бар көрінеді. Бірақ олар 2 кеңседе қамауда отырған кем дегенде 32 сыбайласын босатып алған. Кеше Ираққа қарсы соғыстың басталғанына 3 жыл болды. Осы күні түрлі лаңкестік шабуыл мен қастандықтан 26 кісі құрбан болды. АҚШ президенті Дж.Буш Ирақта оң өзгерістерге қол жеткізумен қатар, елдегі ахуалды тұрақтандырудың мүмкін болмай отырғанын мойындады.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG