Accessibility links

Беларустағы президенттік сайлаудың нәтижесіне наразылық танытушылар Минскідегі орталық алаңда үшінші түн жиналды


Ресмилердің мәлімдеуінше, сайлауда басымдықпен жеңіске жеткен президент Александр Лукашенко үшінші мерзімге қайта сайланды, оппозиция болса дауыс беру қорытындылары қолдан жасалды деп мәлімдейді. Белаурс билігі қайта сайлау өткізілуін талап еткен оппозицияның наразылық акциясына қатысушыларды тұтқындай бастады. Оппозициялық басты кандидат Александр Миленкевич тұтқындаулар жайында былай дейді:

- Өткен түннен бастап 108 адам ұсталды. Ол тұтқындаулар мұнда болып жатқан жайларға қатысты емес, полиция мұнда келуден қорқады, олар кез-келген бұрышта адамдары ұстап әкетіп жатыр.

Біріккен азаматтық партияның жетекшісі Александр Лебедько 15 тәуліккке түрмеге жабылған. Сейсенбі күні кешке қарай Минскінің орталығында болып жатқан митингіде 11 елдің дипломаттары болып қайтты, олардың ішінде Ұлыбритания, Франция, Чехия және Германия елшілері болған.
XS
SM
MD
LG