Accessibility links

АҚШ президeнті Дж.Буш Ирақта азаматтық соғыс жүріп жатқан жоқ деп есептейді


Кеше Вашингтондағы баспасөз-мәслихатында ол Ирақта қақтығыс, шабуылдар ұлғайғанымен, оны әлі азаматтық соғыс деп атауға болмайды деп атап көрсетті.

- Біз Ирақта шабуылдар болып жатқанын мойындаймыз, мұнда сектанттық қақтығыстар жалғасуда. Ирақ әскері жұмыстарын жақсы атқарып, біртұтастық танытуда, - деп атап өтті президент.

Буш коалиция көтерілісшілерге қарсы күресте көп алға басты, бірақ алда әлі талай күрсе күтіп тұр деді.
XS
SM
MD
LG