Accessibility links

Қытай Иранның “ядролық ісіне” қатысты Ресейдің ұсынысын “пайдалы” деп бағалады


БЕЖИН. Қытайдың сыртқы істер министрлігі Иранның ядролық бағдарламасы проблемасын шешуге келгенде Қытай мен Ресей ортақ көзқарас ұстанады деп мәлімдеді. Бүгін Қытайдың сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Иран ядролық қару жасап алуды көздейді деген халықаралық қоғамның күдігін сейілту үшін оның ядролық бағдарламасына қажетті уранды Ресей жерінде байыту туралы Мәскеудің ұсынысына жақсы баға берді. Бұл, оның айтуынша, “пайдалы ұсыныс”. Қытай мен Ресей – Иранға жаза қолдану мүмкіндігін қарастыруға тиісті БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері болып табылады. Қауіпсіздік Кеңестің қалған 3 мүшесі – АҚШ пен Ұлы Британия және Франция Иранға жаза қолдану туралы Қарар қабылдануын қалайды.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG