Accessibility links

Бүгін Франция премьер-министрі Доминик де Вильпин кәсіподақ және студенттер жетекшілерімен келіссөз өткізеді


Парижде бейсенбі күні Еңбек заңына енгізілген түзетулерге наразылық білдіруші студенттердің демонстрациялары қайта етек алды, шерушілер көліктер мен дүкендерге от қойып, сөрелерді қиратқан. Түзетулер бойынша жастардың жұмысқа алынуы жеңілдесе, оларды жұмыстан шығару да оңайлатылған. Полиция ереуілшілерге қарсы көзден жас ағызатын газ қолданған. Деректерге қарағанда, шерулерге 200 мыңдай студент-жастар қатысқан.
XS
SM
MD
LG