Кеше Франция президенті Жак Ширак Евродақ жетекшілерінің саммитінде франциялық компания басшысының ағылшын тілінде сөйлегеніне наразылық танытып, жиналысты тастап шығып кеткен. Оның көмекшілері Франция президентінің наразылығы француз тілін қорғауға бағытталған дейді. Әдетте Евродақ мәжілістерінде әр елдің өкілдері өз ана тілдерінде сөйлеп, ол бірден ілеспе аударма арқылы басқа тілдерге тәржімаланады. Француз тілі Евродақта ұзақ уақыт бойына басым тіл болып келген, тек кейінгі онжылдықта ғана ағылшын тілі алға шықты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?