Accessibility links

Кеше 15 тәулік түрмеде отырған Беларус оппозициясының жетекшісі бостандыққа шықты


Беларус халық майданының жетекшісі Винцук Вечерко сайлау алдында президент Лукашенкоға қарсы рұхсат берілмеген заңсыз шеру ұйымдастырды деп айыпталған болатын. Вечерко арнайы қамау орнында 200-дей адамның ұсталып отырғанын айтқан. Хұқық қорғаушылардың деректеріне қарағанда, бүкіл Беларус елі бойынша оппозицияны қолдаған 400-ге жуық адам тұтқындалған. Минскінің орталығында сайлау нәтижелеріне наразылық білдірушілердің митингісі бесінші күн қатарынан жалғасуда. Кеше елдің Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру қорытындылары бұрмаланды, сайлау қорытындысы заңсыз деп табылсын деген оппозиция талабын қабылмадады, Александр Лукашенко қайтадан президент болып сайланды деп ресми жариялады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG