Accessibility links

Полиция Минскінің орталық алаңындағы шерушілерді күштеп тарата бастады


«Азаттық» радиосының тілшісі шамамен 100-ге тарта полицияның демонстранттарды жүк машиналарына отырғызып әкетіп жатқанын көрген. «Франс пресс» агенттігінің хабарына қарағанда, алаңнан алып кетілгендердің бірі оппозициялық кандидат Александр Миленкевичтің ұлы болған. Біздің тілшіміздің хабарлауынша, айналасы 10-15 минутқа созылған операция барысында демонстранттардың барлығы алаңнан кетірілген. Алаңда тек палаткалар қалған. 19 наурыздағы президент сайлауының қорытындысы бұрмаланды деп, А.Лукашенконың қайта президент болып сайланғанына наразылық білдірушілер бір аптадан бері Минскіде демонстрация өткізіп жатқан болатын.
XS
SM
MD
LG