Accessibility links

Франция бас министрі Доминик де Виллепин мен кәсіподақ жетекшілерінің келіссөздері нәтижесіз аяқталды


Келіссөзде жастардың жұмысқа қабылдануын да, жұмыстан шығарылуын да жеңілдететін үкімет ұсынған Еңбек кодексінің реформасы талқыланды. Аталған жоба Францияда кең көлемді наразылық туғызған болатын. Жастар көшелерде шерулетіп, көптеген оқу орындары жабылған. Премьер-министрмен кездесуден кейін кәсіподақтар Виллепиннің өз бағытын ұстанып тұрғанын, оның енді тек жастар жетекшілерімен кездесемін деп мәлімдегенін айтты. Кәсіподақтар келесі аптада жалпыұлттық ереуіл өткізуді жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG