Accessibility links

Ресей Ираққа соғыс басталар алдында АҚШ-тың әскери жоспарлары туралы деректерді Бағдадқа беріп отырған


Бұл жөнінде кеше АҚШ-тың қорғаныс министрлігі жариялаған баяндамада айтылған. АҚШ-тың әскери басшыларының ішінде Ресейдің өз дерек көздері болған. Ресей Саддам Хусейін үкіметіне одақтастар әскерлері 2003 жылы Ираққа басып кірген қарсаңдағы барлық қимыл-қозғалыстар туралы мәліметтерді беріп отырған. Баяндамада әлгі ақпаратты Ирақтың сыртқы істер министріне Бағдадтағы Ресей елшісінің бергені айтылады. Ол 2003 жылдың 2 сәуірінде президент Саддам Хусейінге тапсырылған. Баяндама Бағдадта қолға түскен құжаттарға негізделген.
XS
SM
MD
LG