Accessibility links

2003 жылы Ресей АҚШ-тың соғыс жоспары туралы деректерді Ираққа беріп отырған деген айыптауларды барлау қызметі жоққа шығаруда


Ресейдің сыртқы барлау қызметі АҚШ қорғаныс министрлігінің Мәскеу Саддам Хусейін үкіметіне 2003 жылы Ираққа басталған соғыс қимылдары туралы деректерді беріп отырған деген ақпарат шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді. Ресейдің сыртқы барлау қызметінің өкілі Борис Лабусов бұл деректер ойдан шығарылған деген Интерфакске берген сұхбатында. Бұндай айыптаулар АҚШ қорғаныс министрлігі осыдан бір күн бұрын жариялаған баяндамада айтылған, онда аталған мәліметтердің Бағдадта қолға түскен құжаттарға негізделгені келтіріледі.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG