Accessibility links

Рим папасы Бенедикт 16-шы христиан дініне өткен ауғандыққа кешірім жасалуын өтінді


Хабарларға қарағанда, Рим папасы Ауғанстан президенті Хамид Қарзайға қайрылып, шариғат заңы бойынша христиан дініне өткені үшін өлім жазасы төніп тұрған азаматқа кешірім етуді сұраған. Абдул Рахманға қарсы қозғалған істің тоқтатылуын әлем жетекшілері де өтінуде. Біраз уақыт Германияда тұрған Рахман христиан дініне өткен екен. Отанына келгенде ол тұтқындалып, сотқа берілген, Отбасы дінін өзгерткен отағасынан бас тартқан көрінеді.
XS
SM
MD
LG