Accessibility links

Абдул Рахман деген христиан дініне өткен азаматқа шығарылған өлім жазасы айыбы бүгін заңдық күшін жойды


Бұл жөнінде Ауған соты мәлімдеді. Заңдық және техникалық дәлелдердің жетіспеуі себепті іс Бас прокурорға қайтарылған. “Аутлук Афганистан” атты басылымда оның түрмеден босатылуына шақырған мақала бүгін жарық көрді. Осы іс үшін Ауғанстан халықаралық қауымдастықпен теке-тіреске бармауы тиіс, делінген аталған бас мақалада. Ол азаматтың христиан дініне өтіп кетуі елдегі консервативтік бағыттағы діни өкілдер арасында наразылық туындатқан болатын. Бұл азаматқа тағылған айыптардың алынып тасталуын сұрап Папа Бенедикт елбасы Хамид Қарзайға арнайы хат жазған еді.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG