Accessibility links

Украинада парламенттік сайлаулар аяқталды


Бұл - қызғылт-сары төңкерістен кейінгі елде өткен алғашқы парламент сайлауы. Жүргізілген сауалнамаларға сәйкес, Ресейшіл Виктор Янукович жетекшілігіндегі “Аймақтар партиясы” 30 процентке жуық дауыс жинап, алда келеді. Екінші орында бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенконың блогы тұр. Ал президент Виктор Ющенконың партиясы үшінші орынға ие болған көрінеді. 2004-ші жылы өткен президент сайлауында Ющенко Януковичті жеңген болатын. Украинаның Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің басшысы Анатолий Кинах сайлау нәтижесінің қандай болуына қарамастан, елдегі демократиялық күштер бірігіп, үкімет құра алады деген үмітін білдірді. Украина президенті Виктор Юшенко бұл сайлауларды алғашқы әділ де демократиялық сайлаулар деп атады.
XS
SM
MD
LG