Accessibility links

Бүгін Израильде парламенттік сайлаулар өтеді


Жүргізілген соңғы саулнамаға сәйкес, премьер-министр міндетін уақытша атқарып отырған Ехуд Олмерттің “Кадима” партиясы парламенттегі шамамен 34 орынға ие болуы мүмкін. Израильдің басып алған Батыс Жағалаудан қоныстарын шығарып, елдің тұрақты шекарасын орнатуды қолдайтын “Қадима” партиясын премьер-министр Ариель Шарон ауруханаға түсердің алдында құрған болатын. Израиль парламентінде жалпы 120 орын бар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG