Accessibility links

Бүгін Израйлде мерзімінен бұрынғы парламенттік сайлаулар өтуде


Онда дауыс беру құқы бар 4,5 млн израйлдық Кнессетке 120 депутатты сайлайтын болады. Бұл сайлаудағы үлкен жеңістен үміткер Ариель Шаронның “Кадима” партиясы болып отыр. Оған премьер-министрдің міндетін атқарушы Эхуд Олмерт жетекшілік етуде. Жалпы бұл сайлаудағы басты бәсекелестер - Кадима, Ликуд және Еңбек партиясы болып отыр. Бүгін Израйлдың оңтүстігіне жасалған шабуылдан 2 адам көз жұмды. Оған жауапкершілікті исламшыл “Жихад” жауынгерлік тобы алып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG