Accessibility links

Бүгін Украина президенті Виктор Ющенко жексенбі күнгі сайлауда парламенттегі көп орынды жеңіп алған партия жетекшілерімен кездеседі


Сайлау комиссиясының хабарларлауынша, ресейшіл Виктор Януковичтің “Аймақтар партиясы” дауыстың шамамен 30 процентін иеленіп, алда келеді. Екінші орында 22,5 пайызбен Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконың блогы тұр. Ал, президент Ющенконың “Біздің Украина” партиясы 15 процент дауыспен үшінші орынды иеленді. Дүйсенбі күні Тимошенко мәскеушіл партияларды үкіметтен сырт ұстау үшін жаңа либералдық одақтастықтың премьер-министрі етіп өзін тағайындауын президенттен сұраған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG