Accessibility links

Ресей Ираққа барлау мәліметтерін беріпті деген дау шықты


АҚШ сыртқы істер министрі Кондолиза Райс 2003 жылы Ирақ соғысы басталмай жатқан тұста Ресей Ираққа барлау мәліметтерін беріпті деген жағдайды Ресей тергесе жөн деп мәлімдеді. Кондолиза Райс мұны кеше Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлескенде айтты. Ресей Ираққа АҚШ әскери қимылдары жайында айтып тұрыпты деген баяндаманы АҚШ қорғаныс министрлігі жариялаған болатын. Ресей барлаушылары АҚШ Орталық қолбасшылағында тапқан барлау мәліметтерін Саддам Хұсейнның үкіметіне берген деп айтылады. Ресей қорғаныс министрі Сергей Иванов бұл жорамалды орынсыз деп тапты.
XS
SM
MD
LG