Accessibility links

Карл де Гюхт бүгін Тәжікстан сапарын бастамақ


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының кезекті төрағасы - Бельгия Сыртқы істер министрі Карл де Гюхт бүгін Тәжікстан сапарын бастамақ. Карл де Гюхт президент Эмомали Рахмоновпен келіссөз өткізбек. Карл де Гюхт апта басында Қазақстанда болса, кеше Қырғызстанда болды. Карл де Гюхт апта соңында Ауғанстанға бармақ. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында Еуропа, Орталық Азия мен Солтүстік Американың 55 елі бас қосқан. Ұйым өзін әлемдегі ең үлкен қауіпсіздік ұйымы деп атайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG