Accessibility links

Минск түрмесінде 20 оппозициялық белсенді аштық ереуілін өткізіп жатыр


Беларуста президенттік сайлаудан кейін наразылық демонстрацияларына қатысқан азаматтар одан ары сотталып жатыр. 19 наурызда өткен даулы президенттік сайлаудан кейін полиция жүздеген ереуілшіні қамаған болатын. Жұрт президент Александр Лукашенконың қайта сайлануына наразылық танытты. Адам құқықтарын қорғаушы белсенділер Минск түрмесінде 20 азамат аштық ереуілін өткізіп жатыр дейді. Қамалған оппозициялық басшы Александр Козулинның адвокаты ол түрмеде таяқ астына алынды деп мәлімдеді. Чехияның бұрынғы президенті Вацлав Гавел Беларус басшылығына қайырылып, ұсталған адамдарды босатуға шақырды.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG