Accessibility links

Джордж Буш Ресейден үмітімді үзген жоқпын деді


АҚШ президенті Джордж Буш Ресей демократия жолынан тайып кетті деген Батыстағы алаңдаушылыққа қарамастан Ресейден үмітімді үзген жоқпын деп мәлімдеді. Кеше сөйлеген сөзінде Джордж Буш шілде айында Санкт-Петерборға "Үлкен Сегіздік" тобының жиынына барамын, бойкот ұсыныстарын қабылдамаймын деді. Джордж Буш Ресей президенті Владимир Путинмен көзбе-көз сөйлесіп, Ресейде және Ресей маңында демократияның өсе түскенінен қорықпаған жөн деп сөз салуым маңызды деді.
XS
SM
MD
LG