Accessibility links

Джордж Бушты өлтірмек болған азамат 30 жылға кесілді


АҚШ президенті Джордж Бушқа қастандық жасамақ болды деп табылған азамат 30 жыл түрмеге кесілді. Бұл – 25-жасар Ахмед Омар Абу Әли. Оған қараша айында айып тағылған, Ахмед Омар Абу Әли АҚШ президентін өлтірмек болды, "Әл Қаида" ұйымына көмек көрсетті деп айыпталды. Ахмед Омар Абу Әли 2003 жылы Саудия Арабиясында оқып жүргенде ұсталған. Ахмед Омар Абу Әли Саудия тергеушілерінен азаптау көрдім, олар айыпты күшпен мойындатты деп айтты.
XS
SM
MD
LG