Accessibility links

Сәрсенбі күні Еуропаның жетекші ислам ғалымы Рамадан Тариқ Еуропа Одағы өзінің мұсылман азаматтарымен немесе мұсылман қауымдастықтарымен ортақ тіл табуға тиіс, олай істемесе, оның өз сөзімен айтқанда, “өркениет ішіндегі жанжалға душар болады” деп ескертті. Бұл пікірін ислам ғалымы Брюссель қаласында исламның Еуропадағы болашағы тақырыбына арналған 2 күндік конференцияда ортаға салды. Форум барысында назар аударған жайт – Рамадан Тариқ пен Еуропа парламентіндегі “Жасылдар” партиясының лидері Даниэль Коэн-Бендиттің (Daniel Cohn-Bendit) қоғамдық пікірсайысы болды. Біздің тілшіміз осы пікірталасты бақылап қайтқан болатын.

Рамадан Тариқтың айтқан ең басты ойы - өзінің мұсылмандарын құқы тең азаматтары ретінде қабылдамайтын болса, онда Еуропа қиын жағдайға тап болуы мүмкін дегені болды. “Жасылдар” партиясының лидері Даниэль Коэн-Бендитпен пікірталастыруының алдында журналистерге берген сұхбатында Рамадан Еуропа мұсылмандарын шеттеудің ең басты көрінісі – исламдық лаңкестіктің бас көтеруі емес, Мұхаммед пайғамбарды келемеждейтін суреттердің қайта-қайта жарық көруі болды деп ойлайтынын атап көрсетті.

“Жалпы алғанда, егер Сіз, мына мәселе секілді, белгілі бір нәрсемен не істеу керектігін білмейтін болсаңыз, онда бұл 2001-інші жылдың 11-інші қыркүйегіндегі шабылдан да зор апаттың салдарына жеткізуі мүмкін. Неге десеңіз? - Өйткені, біз одақ елдерінен көріп отырмыз, ал біз көзге айқын басылатын нәрсені көрдік. Олар – экстремистер; біз мұсылмандардың басым көпшілігі қабылдамаған адамдарға тап болып отырмыз, олар қиырдың қиыр шетінде жүр - бин Ладин және тағы басқалар. Тіпті Ұлы Британияда 7-інші шілде күні орны болған оқиғаны іске асырғандар да қоғамнан тыс қалғандар болатын. Олар мешітте жиналған жоқ, олар жаттығулар мен мұсылман қауымдастығынан тыс осындай жерлерде болды”, - деді Р.ТАРИҚ.

Рамаданның айтуынша, Мұхаммед пайғамбарды келемеждейтін суреттердің басылуы – Еуропаның барша азаматы құрмет тұтуға тиісті іргелі құндылықтардың тоқырауға ұшырағанын көрсетіп отыр. Ол табанды түрде Еуропаның шамамен 15-20 млн. мұсылманын, оның өз сөзімен айтқанда, “Еуропадағы мұсылмандар” емес, “Еуропаның мұсылмандары” деп атау қажеттігін атап көрсетті. “Олар - сонау бастан Еуропа азаматтары және тумысынан мұсылмандар және оларды өзге еуропалықтар түсінуге тиіс”, деп мәлімдеді Рамадан Тариқ.

Оның тезисіне сәйкес, мұсылмандарды олардың сенім-нанымы үшін ғана саусақпен көрсететін Еуропа елдері “өз өркениеті ішіндегі қақтығысқа” тап болуы мүмкін. Оның атап көрсетуінше, мұсылман қауымдастықтарынан шыққан экстремистер мен Еуропаның әсіре оңшылдары келемеж суреттерді қоғамды жік-жікке бөлу үшін пайдаланады. Рамадан барлық мұсылманды төнген қатер ретінде бейнелеу арқылы “Еуропаның үрейін” туғызудың саяси астары барлығын атап айтты. Келемеж суреттерді мысалға келтіре отырып, Рамадан Тариқ, өзінің дәстүрлі азын-аулақ жұртшылығы болып табылатын еврейлер сықылды Еуропа өзінің мұсылман азаматтарының мәселелерін көргісі келмейді деп мәілмдейді. Бұл жайтты ол “жалпыға ортақ азаматтық сезім” деп атайды.

“Біз бірге өмір сүрген соң, “ортақ азаматтық сезім” деген анық нәрсеге ие боламыз. Біздің құрлығымызда еврейлердің көрген қорлығына күле бастаса, Сіз оған бармайсыз, ол дұрыс болмас еді. Сіз олай істемейсіз, олай істеуге тиіс емессіз. Ол заңсыз, ол – ақымақтық. ...және менің ойымша, оның неден туындайтынын біз түсінуге тиіспіз: заңдардан шыға ма? Ол ортақ азаматтық сезімнен шығады. Олай істемеңдер. Өйткені біз бірге өмір сүреміз”, - деді мұсылман ғалымы.

Рамаданның сөзіне қарағанда, Еуропа мұсылмандары да өздерін дәл солай құрметтеуді талап етеді. Сонымен қатар Ислам ғалымы “мұсылмандар” мен “иммиграция” дегеннің жігін ажыратып қарау керектігін айтты. Еуропалықтардың көпшілігі бірте-бірте иммиграцияны өзіне төнген қауіп-қатер деп қабылдай бастаса, ал иммигранттардың көпшілігі – мұсылмандар. Бірақ, деп ескертеді Рамадан, Еуропа мұсылмандарының басым көпшілігін енді иммигранттар құрамайды.

Р.Тариқтың осындай көзқарасы Еуропадағы “Жасылдар” партиясының неміс лидері – Даниэль Коэн-Бендитпен пікірсайысы барысында біршама қарсылыққа тап болды. Саяси ұстанымы жағынан әсіре солшыл болып табылатын Коэн-Бендит Еуропаның қоғамдық өміріне ықпал етуге ұмтылған кез-келген дінге қарсы тұратынын мәлімдеді. Көбіне күлкі туғызатын оқиғаларды мысалға ала отырып, Коэн-Бендит, өз азаматтарының өмірдегі іс-қимылына, оның ішінде тұрмыс құруына исламның қоятын шектеулерін сынға алды.

Сонымен қатар ол фундаменталистік исламның Еуропадан тыс мұсылман дүниесінде жүзеге асырылмақ болған реформаларға тосқауыл қоймақ болған әрекетіне қарсы шықты. Онысына мысал ретінде Коэн-Бендит Еуропадағы жалғыз демократиялық мұсылман елі әрі Еуроодаққа мүше болуға үміткер Түркияны атап келтірді. Бірақ, оның айтуынша, Түркиядағы реформалар сәтсіз болды.

Еуропаның ішкі саясаты мәселелеріне қайта оралғанында Р.Тариқ Еуропа мұсылмандарының толық жерсініп кетуіне кемінде 2-3 ұрпақтың ғұмыры кетеді деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG