Accessibility links

"Хамас" тобы көшеде қару ұстауға тиым салмақ


Палестинаның "Хамас" тобы жасақтаған жаңа үкіметі кешке төтенше мәжіліс өткізіп, жеке топтардың қақтығысу мәселесін талқылады. Мұның алдында осындай қақтығыста төрт адам өлтірілді. Мәшинеге қойылған бомбадан "Хамас" тобымен қатынас құрып жүрген белгілі палестиндік қайраткер қаза тапты. Оның жақтастары шабуылды "Фатах" қарсылас тобы ұйымдастырды дейді. "Хамас" тобының ресми өкілінің айтуына қарағанда, үкімет оқиғаны тексеру үшін комиссия құратын болды. Үкімет көшеде қару ұстауға тиым салады деп айтылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG