Accessibility links

Францияда еңбек заңының дауы одан ары жалғасып жатыр


Франция президенті Жак Ширак дау туғызып тұрған еңбек заңының жобасына қол қоятын боламын деп жариялады. Заң жобасы жастардың еңбек құқын шектейді деген дау Францияда бірнеше апта ереуіл туғызып тұр. Франция президенті жастардың сынақ мерзімі екі жылдан бір жылға қысқарады, ал жұмысберушілер сынақ мерзімін үзіп тастаса себебін айтуға міндеттеледі деп айтты жұма күні. Дегенмен кәсіподақтар мен студент ұйымдары ел президенті ұсынған шараларды жеткіліксіз деп тапты. Олар алдағы сейсенбі күні жалпыұлттық ереуіл өткізуге шақырып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG