Accessibility links

Кондолиза Райс Америка "әлем түрмешісі" болғысы келмейді деп мәлімдеді


АҚШ сыртқы істер министрі Кондолиза Райс Америка "әлем түрмешісі" болғысы келмейді деп мәлімдеді. Кондолиза Райс бұл сөзін кеше Британия сапарында, сол елдің сыртқы істер министрі Джек Стромен баспасөз-мәслихатын өткізгенде айтты. Кондолиза Райс Куба аралында орналасқан Гуантанамо түрмесін қажеті таусылғанда жабамыз деп сөз арасында айтып кетті. Кондолиза Райстың екі күндік сапары кеше аяқталды. Соғысқа наразылық танытатын жүздеген белсенді Райстың сапарына қарсы демонстрация өткізді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG