Accessibility links

Түркияда күрдтер мен полиция арасында қақтығыс жалғаса түсті


Түркияның Қызылтепе қаласында күрд ереуілшілері мен полицияның арасында қақтығыс жалғаса түсіп, бір адам қаза тапты, 16 адам жараланды. Мардин аймағының әкімшілігі жараланғандардың арасында жеті полиция қызметкері бар дейді. Аймақ әкімшілігі ереуілшілер дүкендер мен әкімшілік ғимараттарды тонады деп айыптады. Қақтығыстар кеше Сырнақ, Юксекова және Ван қалаларында да болды. Түркияның күрдтер басым тұратын аймағында соқтығыс 28-наурызда басталған, содан бері сегіз адам қаза тапты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG