Accessibility links

Орыс скинхедтері Қабарды-Балқар министрін соққыға жықты


Мәскеуде бір топ скинхед кеше Қабарды-Балқар автономиялық республикасының мәдениет министрі Зауыр Тутовты соққыға жықты. Зауыр Тутовтың өзі совет заманы кезінде белгілі әнші болған. 20 шақты скинхед Мәскеуге сапармен келген Қабарды-Балқар ұлттық би ансамблінің мүшелеріне соқтыққанда Зауыр Тутов араша түскен. Сөйтіп, өзі таяқ жеп, жеңіл жарақат алды. Қабарды-Балқар республикасының үкіметі Мәскеу полициясына қайырылып, тергеуді мұқият жүргізуді сұрады.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG