Accessibility links

Либерияның бұрынғы президентінің ұлы да қамауға алынды


Америка Құрама Штаттарында Либерияның бұрынғы президенті Чарльз Тейлордың ұлы қамауға алынды. Бұрынғы президенттің 29-жасар ұлы Чарльз МакАртур Эммануель Майами әуежайында ұсталды. Ол АҚШ паспортын сұрап жазған арызында әкесі жайында жалған мәлімет берген деп айыпталды. Чарльз МакАртур Эммануель әкесі Либерияны басқарып тұрғанда әкесінің қауіпсіздік қызметінде жұмыс істеген. Либерияның бұрынғы президентінің өзі 28-наурызда Нигерияда ұсталған болатын. Оған соғыс қылмыстары бойынша айып тағылып, ісі енді халықаралық сотта қаралмақ.

AzattyqTV

Мамайды қолдаушылар

Белсенділерді полиция ұстады

XS
SM
MD
LG