Accessibility links

Түркиядағы күрд лидерлерінің өздері күрдтердің бүлігін тоқтатуға шақыруда


АНКАРА. Түркия күрдтерінің Демократиялық партиясының тең төрағасының бірі Ахмет Терк елдің оңтүстік-шығысындағы күрд бүлігін тоқтатуға үндеп, ресми Анкараны ел тыныштығына кепіл болатын реформаларды жүзеге асыруға шақырды. Бүгін Си-Эн-Эн-Түркия телеарнасына берген сұхбатында ол: “қантөгіс - тек қантөгіс туғызады”, деп мәлімдеп, өз қандастарын қантөгісті тоқтатуға үндеді. Оның айтуынша, сейсенбі күні Диярбәкірде басталған бүлік – Түркияның оңтүстік-шығысындағы ең нашар дамыған өлкесінің саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалының көрінісі болып табылады. Бірнеше қалада көтерілген бүлік барысында 8 адам құрбан болды.
XS
SM
MD
LG