Accessibility links

Ауғанстан полициясының 4 қызметкерін атып өлтірген тәліптің өзі де оққа ұшты


КАБУЛ. Ауғанстанның Гильменд өлкесінде 1 тәліп күзет постындағы 4 полиция қызметкерін атып өлтіріп, өзі де оққа ұшты. Жергілікті биліктің хабарлауынша, “тауда адастым” деп келген 1 кісі полициядан күзет постында түнеп шығуға рұқсат сұрайды. Жұрт шырт ұйқыда жатқан кезде әлгі қаскүнем қаруды алып 4 полиция қызметкерін атып салады. Полицейлердің бірі оның өзін оққа ұшырады. Бұл қастандықты тәліптер өз жауапкершілігіне алып отыр.
XS
SM
MD
LG