Accessibility links

Тайландтың ұзақ конституциялық дағдарысқа ұшырауы әбден мүмкін


БАНГКОК. Бүгін Тайландтағы парламент сайлауы аяқталысымен елдің оңтүстігінде кемінде 2 жарылыс болды. Полицияның хабарлауынша, сымсыз телефонмен жүзеге асырылған жарылыстан кейбір полицей жарақат алған. Баспасөздің хабарлауынша, бұл қастандық сепаратистік бүлік шыққан елдің оңтүстігінде абырой-беделі онша жоқ премьер-министр Таксин Шинаватраға жасалған ескертуге ұқсайды. Таксин жемқорлыққа байланысты шыққан жанжалды басу мақсатымен парламент сайлауын мезгіліген 3 жыл бұрын тағайындап отыр. Оның қарсыластары сайлауға байкот жариялады. Журналистердің хабарлауынша, бүгінгі сайлау – парламентті толық сайлаймай аяқталып, елді ұзақ конституциялық дағдарысқа соқтыратын түрі бар.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG