Accessibility links

Еуропаның бір бөлігі тағы да тасыған өзендердің су астында қалды


Жаңбыр мен еріген қардың суымен тасыған өзендер Германия мен Чехияның және Мажарстанның жүздеген тұрғынын баспана-үйлерін тастап кетуге мәжбүр етті. Бүгін Чехияның Морава өзені тасып, Оломоуц қаласының 1/5 бөлігін су басып, 500-дей үй су астында қалды. Чехша Лабе, немісше Эльба өзенінің деңгейі бүгін 8.5 метрге дейін, яғни өзінің үйреншікті деңгейінен 6 метрге көтеріліп, Чехияның солтүстіктегі Усте-над-Лабем қаласына қатер төндіріп тұр. Эльба өзені кесіп өтетін немістің Дрезден қаласында да су деңгейі 7.5 метрге жетіп қалды. Мажарстанның 45 қаласынан 400-дей тұрғын көшірілді. Бүгін Израильде нөсер жаңбырдан туған су тасқынынан 2 адам қаза болды.
XS
SM
MD
LG