Accessibility links

АҚШ Ирақ премьер-министрі Ибрахим Әл-Жафаридің орнына басқа адамның келуін талап етпейтінін айтты


Парламенттік сайлаулардан кейін Ирақ басшылары елде бірлескен үкімет құрмақшы. Әл-Жафаридің отставкасын талап етуге уақыт келді ме? - деген сұраққа, АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Адам Ерели былай жауап берді: “Бұл сұрақжақсысы ирақтықтарға қойылу керек. Бұл - олардың үкіметі. Кімдердің басқаратындықтарын ирақтықтардың өздері шешеді. Елдің Конституциясына сәйкес, ол кісі Ассамблеяның үштен бір бөлігінің қолдауына ие болуға тиіс. Сондықтан олар елдегі саяси күштерді біріктіре алатын кісіні табуы керек.”

Ал күтпеген жағдайда Бағдадқа келген АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс пен Британия Сыртқы істер министрі Джэк Строу Ирақта үкімет құру процессінің баяулап кетуіне байланысты алаңдаушылық білдірген болатын. Басқа да хабарларға қарағанда, Ирақта шииттердің қасиетті ғимаратының жанында орын алған жарылыстан кемінде 10 адам қаза тауып, 30 кісі жараланды. Сонымен қатар, Ирақтағы түрлі шабуылдардан 9 АҚШ әскері құрбан болды.
XS
SM
MD
LG