Accessibility links

Назарбаев пен Путин Мәскеуде Абай ескерткішін ашты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөзін жалғастырып жатыр. Күн тәртібінде - экономикалық, әскери, ядролық және энергетика салаларында әріптестікті нығайту мәселелері. Президент Назарбаев ертең Ресей парламентінің төменгі палатасы Мемлекеттік думада сөйлемек. Екі ел президенттері Мәскеуде бүгін Абай ескерткішін ашты. Президент Н.Назарбаев Қазақстан мен Ресей бұрынғы совет елдерінің интеграциясын бастап отыр деп атады ескерткіш ашылу салтанатында.
XS
SM
MD
LG