Accessibility links

Американдық сарапшылар Иран мәселесін талқылады


АҚШ-тағы сарапшылар тобы сәрсенбі күні Нью-Йорктегі Шетелдік Байланыстар Кеңесінде жиналып, Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі теке-тірестің АҚШ үшін қаншалықты маңыздылығын талқылады. Панелистер бұл жерде ирандық қоғамды ядролық қару мәселесі емес, керісінше, Иран режимі қинайды дегенмен келіседі. Сөйтіп, олар Құрама Штаттардың Иранға қатысты саясатының маңызды деген бес мәселесіне тоқталды. Демек, оған тоқталсақ, Техранды ядролық саясатын қайта қарауға мәжбүрлеу, Иранның терроризмге қолдауын тоқтату, ирандықтарды Ирақ пен Ауғаныстанда қызметке жалдау байланысын тоқтату мен Иранның Палестина мен Израйл мәселесіне қатысты бағытын өзгерту болып отыр. Және бесінші алаңдаушылық туғызып отырған жағдай, Ирандағы демократия мен адам құқықтарының мәселесі.

Шетелдік байланыстар жөніндегі ықпалды Кеңестің президенті Ричард Хаастың айтуынша, бұл жерде Иранға қатысты төрт таңдау бар деп отыр. Дипломатиялық вариантта АҚШ Иранның ядролық нысандарын тексеру, оған қатаң бақылау жасау, оны мүлде жоқ қылу болмаса оны өте шектеу жөнінде Иранға нақты ұсыныстар жасайды дейді Хаас.

“Және біз оларға екі түрлі шешімнің бірін қабылдауға шақыратын ұсыныс айтамыз. Егер сіз осыны жасасаңыз, онда марапат, егер мұны жасамасаңыз онда шектеулер, санкциялар саяси, экономикалық және басқа да жоспарлау шаралары туралы сөйлесетін боламыз”, - дейді ол.

Ал, екінші таңдау әскери тұрғыда, дейді Хаас.

“Бұл ескертпелі әскери таңдау болмақ, басым бағытты емес, өйткені онда ядролық қаруды қолданудан тікелей қауіп жоқ. Сондықтан, ол негізгі даму жоспарын тоқтатуға ескертпелі бола алады. Ал, жарайды біз Ирақпен жасағандай, Иранмен де талқылауды доғарайық. Қане, соғыс вариантын, басып алу, режимді өзгертуді қояйық. Бірақ, бәрібір бірдеңе көбірек шектеледі олардың ядролық қаруын тоқтату немесе түбімен құрту, дәстүрлі ескерту ретіндегі әскери соққы” дегенді айтады ол.

Үшінші вариантты Хаас тікелей режиммен байланыстырады.

“Егер Швецияда ертең ядролық қару болған болса, біз ол туралы соншалық уайымдамайтын едік. Біз осы жерде бұл сияқты кездеспес едік. Режимнің айқын көрінісі табиғатына қарай осындай немесе бұдан да көбірек болып келеді”.

Бұл төрт вариант, бәрібір Иранның ядролық қаруды иеленіп, ұстамдылық туралы ойлайтын болады деген алдағы күнге болжамалы вариант- дегенді айтады Хаас. Сонымен қатар, ол бұл мәселеде Солтүстік Корея мәселесін де көтерді.

Бұл талқылауларға қатысқан Америкадағы қоғамдық тәртіпті зерттеу жөніндегі институттың және АҚШ-тың Таяу шығыс бойынша Орталық барлау басқармасының бұрынғы қызметкері Реул Герехт, өзінің Иран мәселесі дипломатикалық жолмен шешіледі дегенге сенбейтінін айтады. Құрама штаттардың Иранды дипломатикалық жолмен тартамыз деген барлық әрекет-күші баяғыдан бекершілік дейді.

Ирандағы АҚШ әскери соққы беруі мүмкін деген қорқыныш 2003 жылы Ирақты басып алған соң қатты болған деді Герехт.

Бұл жерде жұмыс істеу үшін дипломатиялық жалғыз жол, Иран жетекшілерін егер олар талқылаудан бас тартатын болса әскери соққының болатын жайлы сендіру дейді бұл сарапшы. Ол сондай-ақ, Уашингтон БҰҰ-на үш ай береді. Одан кейін Иран мәселесі бойынша үлкен талқылаулар Құрама Штаттарда жүреді дейді ол.

Ал, Таяу шығыс саясаты бойынша тағы бір сарапшы Поллак Кеннетстің сөзіне қарағанда, АҚШ үшін Иранның ядролық проблемасы сөзсіз алаңдатарлық мәселе. Иран ядролық қаруды иелентін болса, ол шешімін табу қиын болатын басқа да проблемалар тудырады дейді ол.

Оның пікірінше, АҚШ-тары мүмкіндігінше терроризм мәселесіне көбірек назар аударып, бұл тақырыпты назарда ұстауй керек, өйткені ядролық бағдарламасы терроризммен тікелей байланысты.
XS
SM
MD
LG