Accessibility links

Палестина жаңа үкіметіндегі министрдің бірін Израйль полициясы бүгін тұтқындаған


Бұл жөнінде Хамас ұйымы хабарлаған еді. Халед Әбу Арафа мырза- Палестина үкіметіндегі Йерусалим істері бойынша министр. Ол осы қалаға жақын маңда оққағарымен бірге тұтқындалып, бірнеше сағаттан кейін бостандыққа жіберілген. Бұл тұтқындаудың себебі жөнінде Израйль жағы ешқандай түсініктеме бере қойған жоқ. Хамастың айтуынша, министр аталған қасиетті қаладан өз кеңсесін ашпақ болған.
XS
SM
MD
LG