Accessibility links

Беларус бұрмаланған сайлауы төңкеріс деп танылды


Беларус оппозициясының басшысы Александр Милинкевич наурыз айында болған президенттік сайлау іс жүзінде президент Лукашенко жасаған төңкеріске айналды, Лукашенко билік басында төңкерістің арқасында қалды деп мәлімдеді. Александр Милинкевич бұл сөзін Германия парламентінде айтты. Александр Милинкевич қазір Еуропа сапарында жүр, ол Беларус оппозициясының қызметіне көбірек көмек көрсетілуін қарастырып жүр. 19 наурызда Беларуста өткен сайлаудың соңында Александр Лукашенко билік басында үшінші мерзімге қалды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG