Accessibility links

Палестина үкіметі өз ұстанымын өзгертпейтінін мәлімдеді


Бүгін Палестина премьер министрі Исмаил Хания, АҚШ пен Еуропа Одағы Палестина Автономиясына қаржылай көмегін тоқтатса да, Хамас бастаған үкімет өзінің бұрынғы ұстанымын өзгертпейді деп мәлімдеді. Жұма күні Құрама Штаттар мен Еуро Одақ, Хамас тобы Израйлды мойындап, қақтығысты тоқтатудан бас тартып отырғандықтан, жүздеген миллион доллар көмек тоқтатылады деп мәлімдеген болатын.

“Хамас жетекшілік ететін Палестиналық үкімет таяу шығыс делдалдарын қабылдамай отырғандықтан, қақтығыстан бас тарту мен Израйлды мойындамауына байланысты Құрама Штаттар Палестина үкіметіне қолдауы мен көмегін тоқтатады”, - деді АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Шон Маккормак.

Үкімет басы Хания болса, АҚШ пен Еуропа Одағын өз үкіметін бопсалауға тырысып отыр деп айыптады.
XS
SM
MD
LG