Accessibility links

Бүгін Бағдадта тағы жанкештілік шабуыл болды


Бағдадтың оңтүстігіндегі Мусайб қаласындағы шиитер мешітінің жанындағы көлік жарылысынан кемінде 6 адам қаза болып, бірнеше адам жараланды. Жұма күні бірнеше жанкештінің Бағдадтың солтүстігіндегі Бурата мешітіне жасаған шабуылынан 70-тен аса адам қаза тауып, 160-тан көп кісі жараланған еді. Бұл шабуылдарға жауапкершілікті әлі ешкім алған жоқ. БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан бұл шабуылдар Ирақтың саяси жетекшілерінің өзара пікір-қайшылықтарын тезарада шешу керектігін көрсетіп отыр деді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG