Accessibility links

“Хамас” бастаған Палестина үкіметі мен Израильдің арасы салқындай түсті


ТЕЛЬ-АВИВ. “Хамас” тобының министрлерімен кездескен шетел дипломаттарынан аулақ болу арқылы Израиль үкіметі Палестина автономиясының “Хамас” тобы жасақтаған үкіметіне деген қысымын күшейте түсті. Израиль өкілдерінің хабарлауынша, Палестина президенті М.Аббаспен кездесетін шетелдік дипломаттарға бұл шараның қатысы болмайды. Дәл осы күні - кеше Палестина премьер-министрі Исмаил Хания 15 адамның қазасына себеп болған Израиль армиясының жуырдағы шабуылын талқылау үшін үкіметтің төтенше мәжілісін өткізді. Палестинаға қатысты тағы бір жаңалық: Норвегия - “Хамас” тобының қарулы күресі мен Израильді мойындаудан бас тартпауына байланысты Палестинаға деген тікелей көмегін тоқтатқан соңғы ел болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG