Accessibility links

Италияның С.Берлускони бастаған үкіметі билікте қала ала ма?


РИМ. Бүгін Италияның сайлаушылары парламент сайлауының екінші әрі шешуші күні дауыс береді. Сайлаудың кешегі бірінші күнінде 47 млн. сайлаушының шамамен 66 пайызы дауыс берді. Премьер-министр Сильвио Берлускони бастаған оңшыл-центристік үкімет пен солшыл-центрист Романо Проди бастаған оппозиция шамамен тең дауыс жинайтын тәрізді. Осыдан 2 апта бұрын өткізілген жаңа сауалнама Романо Продидің сәл алда келе жатқанын көрсеткен болатын. С.Берлусконидің осыдан 5 жыл бұрын жасақталған үкіметі - Италияның 2-нші дүниежүзілік соғыстан бері ең ұзақ отырған үкіметі болды. Бірақ осы уақыттың ішінде Еуропаның ең ірі 4-інші экономикасы болып табылатын Италия экономикасы үнемі өсіп келді.
XS
SM
MD
LG