Accessibility links

Әл-Жаафари – Ирақтың премьер-министрі болып қайта тағайындала ма?


БАҒДАД. Бүгін Ирақтағы шийт партияларының блогі Ибраһим Әл-Жаафариді жаңа коалициялық үкіметтің басшылығына қайта ұсынатын-ұсынбайтынын жариялауға тиіс. Кеше аталған саяси блок өзінің өкілі болып табылатын қазіргі премьер-министр Әл-Жаафаридің тағдырын шешу үшін арнайы комитет құрған болатын. Ирақтың күрд партиялары мен сүннит лидерлері оны елдегі діни сектаралық жанжалды баса алмады деп айыптап, оның үкімет басына қайта тағайындалуына қарсы шықты. Кеше күрд жетекшілері оған біржола қарсы шықты. Ирақтың саяси лидерлері соңғы парламент сайлауынан кейінгі 4 ай бойы жаңа үкіметтің құрамы бойынша уәжге келе алмай отыр.
XS
SM
MD
LG