Accessibility links

Перудегі президент сайлауында бәсекелестердің бірі де толық жеңіске жете алмады


ЛИМА. Перудегі президент сайлауы барысындағы сауалнама қорытындысы армияның бұрынғы ұлтшыл офицері Олланта Хумаланың негізгі 2 бақталасынан аз ғана басым дауыс жинағанын көрсетіп отыр. Алайда, сауалнамаға қарағанда, шамамен 30 пайыздай дауыс жинаған Хумалаға толық жеңіске жету үшін сайлаудың соңғы турына түсуге тура келеді. Бұрынғы солшыл президент Алан Гарсия мен консерваторлардың үміткері Лурдес Флорес - 25 пайызға жуық дауыстан алған. Олланта Хумала – Перу экономикасына деген мемлекеттің бақылауын күшейтіп, АҚШ-пен арадағы еркін сауда туралы келісімге бөгет қоюға уәде берді. Соңғы уәдесі – кедей халықтың арасынан кең қолдау тапты.
XS
SM
MD
LG