Accessibility links

Франция үкіметі кәсіподақтар мен студенттердің қысымына шынында да көнді ме?


ПАРИЖ. Бүгін француз премьер-министрі Доминик де Вильпен елдегі жаппай наразылық шеруі мен ереуілді тоқтату үшін үкіметтің жастарға қатысты еңбек заңын қайта қарауды жоспарлап отырғанын жариялауға тиіс. Осы заңның түпнұсқасына сәйкес, компаниялар 26-ға дейінгі жас мамандарды 2 жылдық сынақ кезінде ешқандай себебін түсіндірмей-ақ жұмыстан босата алатын. Жаңа заң Францияда жаппай ереуіл мен наразылық шеруін туғызды. Кәсіподақтар мен студент жастар егер үкімет аталған заңды қайта қарамайтын болса, наразылық шарасын одан әрі ұлғайтатындарын ескертті. Оны қолдаушылар, керісінше, жаңа заң францұз жастарының ішіндегі 22 пайыздық жұмыссыздықты қысқартуға мүмкіндік береді деп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG