Accessibility links

АҚШ – Иранның “ядролық проблемасын” шешудің дипломатиядан басқа жолын да қарастырып жатыр


ВАШИНГТОН. АҚШ президенті Дж.Буш баспасөз құралдарының “Вашингтон Иранға соққы беруді көздейді” деген хабарын “құлақ естімеген дақпырт” деп бағалады. Өткен жексенбі күні “Вашингтон пост” және “Нью-Йоркер” басылымдары АҚШ басшылығы Иранға қарсы соғыс қимылдарын бастау жоспарын шындап ойластырып жатыр деп хабарлады. Кеше тағы Ақ үйдің өкілдері тағы да: “Вашингтон - Иранның ядролық бағдарламасы проблемасын дипломатиялық жолмен шешуге ұмтылады, бірақ өзге де мүмкіндіктерді назарынан тыс қалдырмайды”, -деп мәлімдеді. Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Хамид Риза Азефи АҚШ проблеманы келіссөз арқылы шешуге емес, керісінше дағдарыс туғызуға ұмтылып отыр деп атап көрсетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG